384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде 132 сотталушы түрмеден қашып кетті

  • 410
  • UPD: 16:42, 04.01.2017

Филиппиннің оңтүстігінде қарулы топ түрмеге шабуыл жасады.

Салдарынан бір күзетші қаза тауып, жазасын өтеп жатқан 132 қылмыскер қашып кеткен. Шабуылға 100-ден астам қаскөй қатысқан. Абақты күзетшілері олармен 2 сағат бойы атыс жүргізгенін айтады. Ал бұл жағдайды пайдаланған сотталушылар мекемеден сытылып кеткен.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қаскүнемдер жақтастарын босату операциясын жіті жоспарлаған. Себебі жазасын өтеушілердің қашып шығуы үшін алдын ала көрпелер мен сатылар дайындалып қойған екен. Қазір өңірде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы