384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калининград әуежайында төтенше жағдай болды

  • 453
  • UPD: 17:07, 04.01.2017

Ресейдің «Аэрофлот» әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Калининград қаласындағы әуежайға апатты жағдайда қонды.

Әуе кемесі қону кезінде алдыңғы шассиі сынып, ұшып-қону жолынан шығып кеткен. Мәскеуден Калининградқа келген ұшақ бортында 7 экипаж мүшесін қосқанда 174 адам болған. Барлығы қауіпсіз аймаққа шығарылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал төтенше жағдайлар қызметі апатты жағдайда тоқтаған ұшақты ұшып-қону жолағынан алып тастауға кіріскен.

Хабар 24 телеарнасы