386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда азық-түлік пен киім-кешек бағасы бірден түсіп кетті

  • 549
  • UPD: 12:38, 06.01.2017

Мәселен, соңғы көрсеткіштер бойынша оның деңгейі 0,1% болған.

Мұндай жағдай 1959 жылдан бері алғаш рет тіркелді. Бұл басқасын қойғанда жергілікті халық үшін жағымсыз жаңалық. Өйткені, олар әлі толықтай қаржы дағдарысынан арылмады. Ал, елдегі жұмыссыздық деңгейі артпаса, төмендейтін түрі жоқ.

Қаңтар. Көпшілік үшін бұл нағыз саудаға шығатын уақыт. Өйткені, дәл осы кезде дүкендер жаппай жеңілдік жасайды. Ал, Италиядағы бағалар тіптен төмен. Бірақ, жергілікті тұрғындар бұл мүмкіндікті пайдалануға асығар емес.

Италия тұрғындарының киім мен аяқкиімге жұмсайтын қаржысы соңғы жылдары орташа есеппен 25%-ға қысқарған. Өйткені, бұнда қаржы дағдарысынан кейінгі үрей әлі тарқай қойған жоқ. Көпшілік соның кесірінен жинап жүрген ақшасынан айырылып, қыруар қарызға батқан еді. Оның үстіне халықтың 11,6%-ы, яғни әрбір 10-шы адам жұмыссыз жүр. Сондықтан, тұтынушылардың белсенділігі күрт төмендеп, 90-жылдардағы деңгейден бір-ақ шықты.

Розарио Трефелетти, Federconsumatori тұтынушылар қауымдастығының президенті:

- Жұмыссыздық деңгейі азаймайынша жағдай оңалмайды. Мәселен, үйде бір адамның өзі бос жүретін болса, отбасының қалған мүшелері оны күтіп-баптауы керек. Бұған қоса, соңғы қаржы дағдарысынан кейін Италия халқы ертеңгі күнге күмәнмен қарайды. Толық сенімнің болмауы да тұтынушылық қабілеттің төмендеуіне әкеледі.

Бұл жағдайлар ең алдымен ел экономикасы үшін үлкен соққы. Есесіне, қаржы дағдарысының ащы дәмін татқан Италия халқы ақшаны үнемдеуді және аса сақ болуды үйренді.

Авторлары: Аслан Қаженов, Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Хабар 24 телеарнасы