375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда 6 мыңнан астам мемқызметкер жұмыссыз қалды

  • 592

Түркияда бір күн ішінде 6 мыңнан астам адам қызметінен босатылды. Оларға былтыр «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айып тағылып отыр.

Барлығы – мемлекеттік қызметкер, білім беру саласының өкілдері мен полицейлер. Айта кеткен жөн, өткен жылдың 16 шілдесіне қараған түні әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған еді. Алайда бұл әрекет жүзеге аспады. Қарулы қақтығыстар кезінде 246 адам көз жұмып, 2 мыңнан астамы жараланған. Осы оқиғадан кейін бүлікке қатысы бар деген күдікпен 100 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды. Былтыр шілдеде елде 3 айға төтенше жағдай жарияланған. Бұл тәртіп сол уақыттан бері ұзартылып келеді.

Хабар 24 телеарнасы