375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Орталық банкі юань курсы есептелетін валюта қоржынын кеңейтті

  • 1394
  • UPD: 07:40, 08.01.2017

Қытайдың Орталық банкі юань курсы есептелетін валюта қоржынын кеңейтті.

Оған 11 жаңа ақша бірлігі қосылды. Бұл доллардың күшейуіне байланысты ішкі валюта нарығындағы өзгерістерді тұрақтандыруға бағытталған шара. Жалпы доллардың соңғы айларда күшеюі юаньды девальвацияға ұшырата ма деген күдік тудырды. Сарапшылар бұл Қытай валютасының әлсіздігінен емес, қазір АҚШ валютасына қатысты дамушы елдердің ақшасы құбылып тұр дегенді айтады. Алайда жаңартылған индексте басты ойыншы ретінде АҚШ доллары қалып отыр. Бірақ оның үлес салмағы 26,5-тен 22,5 процентке дейін төмендеген. Жалпы АҚШ Федералды резерв жүйесі негізгі мөлшерлеміні көтергеннен кейін доллар бағамы өсіп отыр. Былтыр юань долларға шаққанда 6 жарым пайызға құнсызданған.

Лю Цзянь, «Bank of Communications» аға сарапшысы:

- Қоржынды кеңейту трейдерлерге доллар бағамына ғана емес, жиынтық индекске де сүйене отырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл АҚШ валютасы өсімінің әсерін жеңілдетеді. Юань бағамы ең алдымен экономикалық жағдай мен басқа да ішкі факторларға байланысты екенін ескерген жөн. Сондықтан қоржынның өзгеруі дұрыс бағамды анықтаудың тағы бір құралы болмақ.

Хабар 24 телеарнасы