376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде аязға байланысты 60-тан астам рейс кейінге шегерілді

  • 641
  • UPD: 08:00, 10.01.2017

Мәскеуде өткір аяз орнап, әуежай жұмыстарына кедергі келтіріп отыр.

Осыған байланысты 60-тан астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Бұған дейін 8 қаңтарда жүздеген ұшақтың ұшуына тыйым салынған еді. Әуежайлардың әкімшіліктері бұл шаралар ұшу жолақтарын қолайсыз күн райына дайындау және лайнерлерді көктайғаққа қарсы заттармен қамтамасыз ету ісіне байланысты қолға алынғанын айтады. Ресей астанасында аяз 7 қаңтарға қараған түні күшейіп, ауа температурасы 29,8 градусқа дейін төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы