387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Воронеждегі хайуанаттар бағындағы барлық құстардың көзі жойылады

  • 553
  • UPD: 10:01, 10.01.2017

Ресейдің Воронеж қаласының хайуанаттар бағындағы барлық құстың көзі жойылады.

Оған құс тұмауы себеп болған. Соның кесірінен өткен аптада мұнда 35 қанатты қырылып қалған болатын. Артынша мекеме карантинге жабылған. Қазір залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің барлығы медициналық тексеруден өткен. Жалпы Воронеж хайуанаттар бағы 1994 жылы ашылған. Қазірге дейін мұнда құстың 44 түрі бар еді. Оның 7 түрі Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы