384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигериядағы қайырымдылық ұйымдары қара халық үстінен пайда көріп жүр

  • 559
  • UPD: 15:59, 12.01.2017

Нигериядағы көмек көрсету ұйымдары қарапайым халық үстінен пайда көріп жүр.

Сондықтан олар елден кетуі тиіс. Мұндай мәлімдемені Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатының губернаторы мәлімдеді. Өткен жылдың желтоқсанында ел президенті Мохаммаду Бухари де Біріккен Ұлттар Ұйымы мен өзге де көмек көрсететін агенттіктер қаржыны көп алу үшін мұндағы жағдайды әдейі нашарлатып көрсетеді деп мәлімдеген еді. Дәл сол желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Нигерияда 5 миллионнан астам адам ашаршылық қаупі төніп тұрғанын, 10 мың бала шұғыл көмекке мұқтаж екенін мәлімдеген болатын. Губернатордың айтуынша, елдегі ресми тіркелген 126 қайырымдылық ұйымның 8-і ғана өз жұмысын адал орындайды. Қалғандары пайда көздеп жүр.

Хабар 24 телеарнасы