389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте қоғамдық көліктер жаңартылмақ

  • 554
  • UPD: 11:30, 13.01.2017

Көршілес Қырғыз елінің астанасында қоғамдық көліктер жаңартылмақ.

Жергілікті биліктің 50 троллейбус сатып алмақ ойы бар. Оған Еуропалық Қайта құру және даму банкі 8,5 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Алайда бұл Бішкектегі қоғамдық көлік қажеттілігін толық өтей алмайды. Өйткені, Бішкекке кемінде 80 троллейбус және 600 автобус қажет. Бұдан бөлек, муниципалитет қазір қолданыста жүрген 3 мыңдай шағын автобустан құтылмақ. «Жеке тұлғаларға тиесілі көліктер ұдайы жол ережесін бұзып, азаматтардың өміріне жиі қауіп төндіреді», - дейді билік басындағылар.

Асыл Токторбаева, троллейбус жүргізушісі:

- Мен троллейбусты 1997 жылдан бері тізгіндеп келемін. Көбіне зейнеткерлер мен оқушыларды тасимын. Жыл сайын көліктің бұл түрімен жүретін жолаушылардың саны азайып бара жатқанын аңғаруға болады. Өйткені көбінде өзінің жеке автокөліктері бар. Басқасы шағын автобустармен жүруді жөн көреді. Себебі олар аялдамаларда емес, жолаушылардың қалаған жерінде тоқтайды.

Албек Ибраимов, Бішкек қаласының мэрі:

- Қоғамдық көлік мәселесін екі бағыт бойынша шешеміз. Біріншіден, автобустар мен троллейбустар сатып аламыз. Екіншіден, осы көліктер шағын автобустарды алмастыратын болады. Бірақ бұл уақыт еншісінде.

Хабар 24 телеарнасы