386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде екі тонна есірткі тәркіленді

  • 351
  • UPD: 23:27, 13.01.2017

Перуде полицейлер екі тонна кокаин тәркіледі.

Қаскөйлер оны көкөніс салынған құтының ішіне жасырған. Есірткіні осылай Нидерландқа жеткізбек болыпты. Тәртіп сақшылары 6 адамды қамауға алды. Олардың бесеуі жергілікті тұрғындар да, біреуі Сербия азаматы болып шықты.

Айта кеткен жөн, Перу Боливия мен Колумбиядан кейін әлемде кокаин өндіруден көш бастап тұр.

Гектор Лояза, Лима полициясының өкілі:

- Есірткі тасымалдайтын топты сербиялықтар басқарып отырған. Қажетті қаржыны да солар тауып берген. Қолға түскен Сербия азаматы сол қылмыстық топтың бір мүшесі. Қаскөйлер жасырын тауарды діттеген жерге теңіз жолымен жеткізбек болған. 

Хабар 24 телеарнасы