389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда түрмедегі бүлік құрбандарының саны артты

  • 528
  • UPD: 19:36, 16.01.2017

Бразилияда түрмеде шыққан бүлік құрбандарының саны артты.

Рейтер агенттігі 30 адамның қаза тапқаны жайлы хабарлайды. Бұл оқиға 14 қаңтарда елдің шығысындағы Натал қаласында болған. Ол кезде бір-бірімен араздас сотталушылар тобы төбелес ашқан. Тұтқындар арасындағы жанжалдың себебі әзірге белгісіз. Жалпы, бұл түрме шамамен 600 адамға арналып салынған. Алайда бүгінде мұнда екі есе көп сотталушы жазасын өтеп жатыр.

Айта кеткен жөн, Бразилия абақтыларында осыған ұқсас жағдай жиі тіркеледі. Жыл басталғалы жарты ай ішінде бүлік салдарынан 100-ден астам тұтқын қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы