388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Давоста дүниежүзілік экономикалық форумның екінші күні өтіп жатыр

  • 572
  • UPD: 10:42, 19.01.2017

Давоста дүниежүзілік экономикалық форумның екінші күні өтіп жатыр.

Онда Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі мен Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы қызу талқыланды. Әлемдік жиында бас қосқан сарапшылар аталған өзгерістер трансұлттық корпорациялар мен дамыған елдерге қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді. Ұйымдастырушылар қатысушылар назарын геосаяси тақырыптан бұру үшін күн тәртібіне көпмәдениеттілік мәселесін шығарды. Мамандар қазіргі қоғам мигранттарға неге қырын қарап отырғанын ортаға салды. Олар әлем елдерінің, әсіресе батыс мемлекеттерінің өзге мәдениет өкілдеріне сенімсіздік білдіруі қауіпті құбылыс деп алаңдаушылық білдірді. Қазақстан делегациясы да дүниежүзілік экономикалық форумға қатысып жатыр. Жиын барысында еліміздің көлік хабы мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады.

Хабар 24 телеарнасы