388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малидегі жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 80 адамнан асты

  • 606
  • UPD: 11:11, 19.01.2017

Құрбандар арасында билікке қарсы бас көтерген бүлікшілер мен түрлі топтардың белсенділері бар.

Тағы 115 адам жарақат алған. Экстремистер елдің солтүстік-шығысындағы Гао қаласында әскери лагерде мина қойылған көлікті жарып жіберген. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 5 жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Бұл лагерде жергілікті сарбаздар мен Біріккен ұлттар ұйымының бітімгер әскері тұрған. Ал соңғы ақпарға қарағанда лаңкестік әрекетті «Әл-Каида» лаңкестік ұйымымен байланысы бар «Әл-Мурабитун» тобы мойнына алған.

Хабар 24 телеарнасы