389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда 3 күндік аза тұту жарияланды

  • 539
  • UPD: 09:44, 20.01.2017
Бразилияда 3 күндік аза тұту жарияланды http://oglobo.globo.com/ Жоғарғы сот мүшесі Теори Завацки

Рио-де-Жанейро штатының жағалауында шағын ұшақ апатқа ұшырап, оның бортында болған Бразилия Федералды жоғарғы сотының мүшесі Теори Завацки қаза тапты, деп хабарлайды Globo.

Завацкидің өліміне байланысты Бразилия жерінде 3 күндік аза тұту жарияланды.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Сан-Паулудан Паратиге ұшып шыққан ұшақта үш адам болған.

Артынша апат болған жерден экипаждың 1 мүшесі тірі табылды.

Апатқа ұшыраған әуе көлігі Сан-Паулудағы бірқатар қонақ үйінің иесі, кәсіпкер Карлос Альберто Фильгерасқа тиесілі болған.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы