384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластарының шерулері өтті

  • 371
  • UPD: 18:50, 20.01.2017
АҚШ-та Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластарының шерулері өтті фото: Фото: © REUTERS

АҚШ-та жаңа сайланған президент Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластарының шерулері өтті.

Вашингтон қаласында Трамп қолдаушыларының жиыны болып, оған миллиардер отбасымен келіп қатысты. Трамп Арлингтон қорымындағы белгісіз жауынгерге гүл шоғын қойып, Линкольн ескерткішінің алдында өткен концертте «Құрама Штаттарды үлкен өзгерістер күтіп тұр» деді. Ал дәл осы уақытта Нью-Йорк қаласында Трамптың президент болуына қарсы мыңдаған адам наразылық акциясын өткізді. Олардың арасында Роберт де Ниро, Майкл Мур сияқты белгілі тұлғалар болды. Акцияға қатысушылар «Трамп биліктен кетпейінше, наразылық жалғаса береді» дейді.

Дональд Трамп, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті:

- Халықтың қарасы мұнша қалың болады деп ойламаппыз. Құдды сайлау науқанының соңғы айына айнымай ұқсап тұр. Ол кезде рейтингтер өсіп, қарсыластарымыз біздің жеңісімізді мойындағысы келмеп еді. Қолдау көрсеткен жақтастарымды енді ешкім ұмытпайтын болады. 

Хабар 24 телеарнасы