378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гамбияның бұрынғы президенті елден безіп кетті

  • 630
  • UPD: 15:32, 22.01.2017

Гамбияны 20 жыл басқарған бұрынғы президент Яйя Джамме билікті Адама Бэрроуға беріп, елден безіп кетті.

Дереккөздердің хабарлауынша, ол Гвинея астанасы Конакриге бас сауғалаған. Себебі оның қасында саяси дағдарысты шешуге ара ағайындық жасаған осы елдің президенті Альфа Конде болған. Еске сала кетейік, бұдан үш күн бұрын Сенегал, Нигерия және Гана мемлекеті Гамбияға басып кіретіні жөнінде мәлімдеген. Өйткені Джамме өткен жылы желтоқсанда президенттік сайлауда жеңіске жеткен Адама Бэрроуға билікті беруден бас тартқан болатын. Бірақ сенбі күні аталған үш елдің ниетінен кейін тақтан таюына тура келді. 51 жастағы Яйя Джамме Гамбияны 1994 жылдан бері басқарды. Ол билік басына әскери төңкеріс нәтижесінде келген еді.

Хабар 24 телеарнасы