378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда 31 миллионнан астам құс жойылды

  • 1031
  • UPD: 16:27, 22.01.2017

Оңтүстік Кореяда жұмыртқа бағасы аяқ астынан қымбаттады.

Оған себеп – осы елдегі құс тумауының таралуы. Вирусқа қарсы күрес шарасы аясында 31 миллионнан астам құс жойылды. Ішкі нарықты жұмыртқамен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру үшін Оңтүстік Корея үкіметі құс шаруашылығының өнімін шеттен әкелуге импорттық бажды алып тастады.

Оңтүстік Кореядағы ең танымал мереке ай күнтізбесі бойынша жаңа жылға дейін бір апта қалды. Сондықтан Сеул супермаркеттеріндегі тауарлардың дені жеңілдікпен сатылады, алайда жұмыртқа қымбат. Бір ай бұрын 30 жұмыртқаны тұрғындар 3 долларға сатып алған. Қазір бағасы енді үш есе көтеріліпті. Құс тумауынан кейін Оңтүстік Кореядағы құс шаруашылығына жүз қырық миллион доллар шығын келді. Соған қарамастан кондитерлер өнім бағасын көтермей отыр. Өйткені олар тұтынушыларынан айырылмауы мүмкін. Жұмыртқасыз кейбір корей ұлттық тағамын әзірлеу мүмкін емес.

Оңтүстік Корея үкіметі бағаны тұрақтандыруға кірісті. Соның бірі шетелден жеткізілетін жұмыртқа үшін салынатын баж салығын алып тастады.

Ким Йонг Мин, азық-түлік, ауыл және орман шаруаш. мин. деп. дир. орынбасары:

- Қазір Кореяға 5 елден жұмыртқа жеткізіледі. Олар – АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және Испания. Ал Ресейде құс тұмауы тіркелген. Қазақстанның шаруашылық өнімдері әкелінбейді, өйткені екі ел арасында уағдаластық жоқ.

Маусым айының біріне дейін жұмыртқаға салынатын баж салығы алынып тасталды. Осы уақытқа дейін ел үкіметі құс тумауының таралуын тоқтатуы тиіс. Алайда Оңтүстік Кореядағы құс шаруашылығын қалпына келтіру үшін кемінде бір жылдай уақыт керек.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Санг Хён

Хабар 24 телеарнасы