389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румыния астанасында наразылық шаралары басталды

  • 499
  • UPD: 13:48, 23.01.2017

Бухарестте жаппай наразылық шаралары басталды. Наразы топ үкімет ғимараты мен социал-демократтар партиясының кеңсесіне жиналып, биліктің мыңдаған қылмыскерге рақымшылық беруіне қарсылық білдірді.

Белсенділер Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізілсе, парақор саясаткерлер мен аса қауіпті қылмыскерлер бостандыққа шығады деп қауіптенеді. Сондықтан бұл мәселеге қатысты халықтың пікіріне құлақ асып, жалпыхалықтық референдум өткізуді талап етті.

Айта кеткен жөн, наразылық шаралары Бухаресттен бөлек Румынияның тағы бірнеше қаласында өтіп жатыр. Ұсталғандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Йоан Илинкута, наразылық шарасына қатысушы:

- 27 жыл бұрын мен осы алаңда наразылық шеруіне қатысқанмын. Себебі балаларым мен немерелерімнің жақсы өмір сүргенін қаладым.Бірақ өкініштісі, сол кезден бері ештеңе өзгермеді. Сыбайлас жемқорлық пен ұрлық тиылар емес.

Флорин Гида, наразылық шарасына қатысушы:

- Біз заңның әділ болғанын қалаймыз. Неліктен мыңдаған парақорлар бостандыққа шығуы тиіс? Бұл ақылға қонымсыз, олар қылмыскерлер.

Хабар 24 телеарнасы