386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде орман өртінен 3 адам көз жұмды

  • 405
  • UPD: 13:44, 23.01.2017

Чилидің орталық аймағында орман өрті өрши түсті. Салдарынан 3 адам мерт болып, 200-ден астам тұрғын зардап шекті.

Табиғат апаты бір апта бұрын басталды. Жан-жақты шарпыған жалын қазірдің өзінде 100 мың гектар жерді тып-типыл етіп, 50-ден астам үйді күлге айналдырды.

Айта кеткен жөн, 1200-ге жуық әскери мен 500-дей өртсөндіруші қызыл жалынды ауыздықтауға бар күшін салып жатыр. Чили билігі әлемдік қауымдастықтан көмек сұрады. Нәтижесіде Аргентина, Бразиялия, Перу мен Уругвай табиғат апатынан жапа шеккен елге тікұшақ жіберуге келіскен.

Хабар 24 телеарнасы