386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия ядролық зымыранның сәтсіз сыналғанын жасырып қалды

  • 555
  • UPD: 16:44, 23.01.2017
Британия ядролық зымыранның сәтсіз сыналғанын жасырып қалды CORBIS/GETTY IMAGES

Ұлыбритания 4 жылда алғаш рет өткізген баллистикалық зымыран сынағының сәтсіз аяқталғанын жасырып қалды.

Бұл зымыран ядролық қаруға жатады, деп хабарлайды The Times.

Trident II D5 ядролық зымыранын сынау кезінде күтпеген жерден ақау шығып, Флорида штатының жағалауынан ұшып шыққан зымыран, көзделген нысанаға жетпей қалған. 

Әскерилер бұл туралы жалпақ жұртқа тіс жарған жоқ. Зымыранды ұшыруға нақты қандай ақаудың себеп болғаны осы күнге дейін құпия түрде сақталып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, 2016 қазан айында Ұлыбритания корпусына ядролық қару орналастыруға болатын заманауи Trident суасты қайықтарын құрастыру үшін шамамен 52 млрд АҚШ долларын жұмсайтыны белгілі болды. 

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы