386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда құлаған Boeing орнына барып ойнаған 5 бала ауруханаға түсті

  • 550
  • UPD: 18:01, 23.01.2017
Қырғызстанда құлаған Boeing орнына барып ойнаған 5 бала ауруханаға түсті kloop

Қырғызстан. 16 қаңтарда құлаған Boeing747 апатының орнына барып ойнаған 5 балаға керосиннің иісі тиіп қалып, ауруханаға түсті.

Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті балалар қорына сілтеме берген kloop.kg сайты хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, балалар басы ауырып, жүрегінің айнығандарына шағымданған. Бастапқыда оларды алып кеткен жедел жәрдем ешбір көмек көрсетпей, үйлеріне қайта әкеліп тастаған. Бірақ, балалардың жағдайы одан әрі нашарлап, ақыры ауруханаға жеткізілді. 

Балалар апат кезінде төбеден төмен керосин төгіліп, иіс сіңіп қалған үйлерді төңіректеп жүріп ұшынып қалған.

Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы