384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық дизайнер кроссовкадан бетперде тікті (бейне)

  • 865
  • UPD: 18:25, 23.01.2017

Бейжіңде Ван Чжицзюнь атты дизайнер тұрады. Бұл адам қаланы тұмшалаған түтіннен қорғанудың ерекше әдісін ойлап тауыпты.

Дизайнер кәдімгі кроссовкадан түтінге қарсы бетперде тікті, деп хабарлайды Epochtimes.

Әсіресе күнделікті таңертең Бейжің көшесімен жүгіру қытайларға өте қиынға соғады. Себебі осы кезде қалың, қою тұман ел астанасын жан-жақтан қымтап, адамның тынысы тарылады. 

«Мен осы түтін туралы күнде ойлаймын. Себебі бетпердесіз көшеге шығудың өзі бір мұң. Уақыт өте келе, көшеде жүгіре алмай қалатын шығармыз деп қорқамын. Амал нешік, енді смогқа қарсы осындай құралдар ойлап тауып, күн көреміз», - дейді Ван.

Ресми деректерге сәйкес, Қытайда жыл сайын 1 жарым миллионнан астам адам ауаның ластануынан қайтыс болады.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы