376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде студенттер күніне арналған флешмоб ұйымдастырылды

  • 787
  • UPD: 15:04, 26.01.2017

Ресейлік студенттер 2 ғасырлық тарихы бар студенттер мерекесін тойлап жатыр.

Жастар 25 қаңтарды Татьяна күні деп атап өткенімен, бүгін Мәскеу университетінің негізі қаланған күн. Игі дәстүр бойынша студенттер жылда мұражайлар мен театрларға барып мейрамын көңілді өткізеді. Биыл Мәскеу студенттері төл мерекеге орай метро ішінде сазды флешмоб ұйымдастырды. Түрлі саз бағытын ұстанған өнерпаздар бірлесе орындаған шығармалар жолаушыларды қайран қалдырды. 

Андрей Кружалин, Мәскеу метросының баспасөз хатшысы:

- Дүниежүзілік метрополитен тәжірибесінде ерекше оқиға болды. Бұл ресейлік студенттер күніне арналған флешмоб.

Татьяна Иванова, жолаушы:

- Жақсы ойластырылған идея. Үйге кеткенге дейін жастардың өнерін тамашалап, мәдениетке біртабан жақындай түстік.

Хабар 24 телеарнасы