384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда көпшілікке әуеден шоу көрсетіп жүрген ұшақ кенеттен апатқа ұшырады

  • 531
  • UPD: 15:03, 27.01.2017

Австралияда көпшілікке әуеден шоу көрсетіп жүрген ұшақ кенеттен апатқа ұшырады.

Салдарынан пилот пен қасындағы жолаушы қаза тапқан. Оқыс оқиға Перт қаласында мыңдаған көрерменнің көз алдында болған. Жұртшылық Австралия күні меркесін тойлауға жиналған еді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, апаттан жердегі адамдар зардап шекпеген. Әуе көлігі құлдилап барып, Суон өзеніне құлаған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. 

Хабар 24 телеарнасы