378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапондық ғалымдар Айда Жер атмосферасының кислород иондарын анықтады

  • 507
  • UPD: 17:13, 31.01.2017
Жапондық ғалымдар Айда Жер атмосферасының кислород иондарын анықтады фото: © EPA/HO

Зерттеу нәтижесі бойынша біздің планетадағы процестер Айға тікелей әсер ететінін расталды.

Жер атмосферасының кислород бөлшектері Айда да бар. Бұл ретте олар Айға 2,4 млрд жыл бұрын түскен. Бұл туралы тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізген Осаки университетінің мамандары хабарлады. 

Олар мәліметтерді планетамыздың серігін зерттеу үшін 10 жыл бұрын ұшырылған «Кагуя» ғылыми аппаратынан талдау жасаған. Нәтижесінде олар Күн, Жер және Ай бір сызықтың бойында болған кезеңдерде жер атмосферасының иондары Айға түсіп кетуі мүмкін екендігін анықтады.

Сондай-ақ жапондық ғалымдар алғаш рет бұл процесс 2,4 млрд жыл бұрын басталды деп есептейді. Ол кезде Жер атмосферасының өзгеруіне және ондағы бос кислородтың пайда болуына әкелген кислород апаты болған.

«Жердегі кислородтың көп бөлігі фотосинтездің түзілуінен өндіріледі. Біздің зерттеу біздің планетадағы процестер Айға тікелей әсер ететінін растайды», - деп атап өтті Осаки университетінің профессоры Кэнтаро Тэрада.

Дайындаған: Д.Изгуттинова

Хабар 24 телеарнасы