389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үй билігі мексикалық тауарларға салынатын салықты 20 пайызға өсіруді ұсынып отыр

  • 575
  • UPD: 10:35, 06.02.2017

Ақ үйдің Мексикадан импортталатын тауарларға салық салу туралы ұсынысы кәсіпкерлерді дүрліктіре қойған жоқ.

Авакадо өсіретін шаруалардың айтуынша, енді тауарлар бағасы өседі. Еске сала кетейік, Мексика әлем бойынша авакадо өсіретін ең ірі мемлекеттің бірі. Жыл сайын миллион тонна өнім экспортталса, оның 850 мың тоннасын америкалықтар сатып алады. Бұған дейін Дональд Трамп екі ел шекарасында дуал тұрғызу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Ал, оның құрылысына Мехико қаржы бөлуі тиіс. Сондықтан Ақ үй билігі мексикалық тауарларға салынатын салықты 20 пайызға өсіруді ұсынып отыр.

Рамон Пас, мексикалық авакадо тасымалдаушылар қауымдастығының өкілі:

- Авакадоны ешбір мемлекет Мексика сияқты АҚШ-қа тасымалдай алмайды. өйткені, Америкадағы 10 авакадоның 8-і біздің өнім. Біздің АҚШ-тан кейінгі ірі тұтынушымыз Жапония мен Канада. Ал қытайлықтардан сұраныс жыл сайын екі есеге өсіп келеді. Сонымен қатар Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка тұрақты тұтынушылардың қатарында. Сондықтан америкалық нарықтағы шығынды өзге елдерге экспорттау арқылы толтырамыз.

Хабар 24 телеарнасы