389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік инвесторлар Қытайдан кетіп жатыр

  • 651
  • UPD: 07:53, 06.02.2017

Шетелдік инвесторлар Қытай нарығын тастап кетіп жатыр.

Бұл ақпаратты осы елдің БАҚ өкілдері таратты. Мәліметке сүйенсек, салықтық жеңілдіктердің төмендеп кетуі мен жұмыс күшінің қымбаттауы себеп болған. Нәтижесінде көптеген кәсіпорын бизнесін Азияның өзге де дамушы елдеріне ауыстырып жатыр. Америка-Қытай сауда палатасының 500-ге жуық мүшесінің 4-тен бір бөлігі Аспан асты еліндегі бизнесін жауып немесе жақын уақытта тоқтатуға дайын отыр. Мәселен, қаңтарда әлем бойынша компьютерге арналған қатты диск шығаратын Seagate компаниясы Сучжоу қаласындағы өндіріс орнын жапты. Онда 2 мыңға жуық қытайлық жұмыс істейтін еді. Кейін белгілі болғандай Sony, Panasonic, L'Oreal мен Microsoft компаниясы да Аспан асты елінен кеткен.

Хабар 24 телеарнасы