386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2017 жыл басталғалы бері Еуропаға 11 мың мигрант табан тіреді

  • 703
  • UPD: 15:30, 08.02.2017

255 адам жарым жолда мерт болған. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы мәлімдеді.

Ал 2016 жылы Кәрі құрлыққа 363 мыңдай мигрант келді. Ал Жерорта теңізі арқылы өтуді көздеген 5 мың босқын қаза тапқан. Деректерге қарағанда теңіз арқылы келгендердің 85%-ы Италияға, қалғаны Грекия жағалауына табан тіреген. Бүгінде Жерорта теңізі арқылы келетін миграттар тек Ливиядан шығады. Осыған байланысты Еуродақ елдері Мальтада саммит өткізіп, мигранттар нөпірін тоқтату үшін Ливияға берілетін көмекті күшейтуге келісті.

Хабар 24 телеарнасы