387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалқаулықпен күрес туралы жиналыста ұйықтап қалған 6 лауазымды тұлға жазаланды

  • 879
  • UPD: 16:16, 10.02.2017
Жалқаулықпен күрес туралы жиналыста ұйықтап қалған 6 лауазымды тұлға жазаланды http://www.chinatoday.com/

Қытайдың Хубэй провинциясында жалқау және баяу қимылдайтын мемлекеттік қызметкерлерді жұмыс істеуге құлшындыру әдістері туралы өтіп жатқан жиналыста 6 шенеунік ұйықтап қалды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме берген Reuters хабарлайды.

Жиналыста ұйықтап жатқан мемлекеттік қызметкерлердің суреттері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, олардың бұл қылығы бүкіл елге белгілі болды.

Оқиғаға байланысты Коммунистік партияның тәртіпке шақыру бюросы осы лауазымды тұлғаларды «өздерін сынның астына ала отырып, өздеріне ескерту жазып», жұрт алдында кешірім сұрауға міндеттеді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚХР басшысы Си Цзиньпин жемқорлыққа, ысырапшылдық пен қызметкерлік парызды бұзғандарға қарсы бүкіл Қытай бойынша күрес жариялаған болатын.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы