389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТГИЛ содырлары Сириядағы тарихи орындарды талқандап тастады

  • 478
  • UPD: 08:26, 14.02.2017

«Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» Сирияның Пальмира қаласындағы тарихи орындарды талқандап тастаған.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, мұны әскерилер шаһарға ұшақсыз құрылғы жіберіп, бейнетаспаға түсірген. Жазбаға қарағанда содырлар ежелгі театрдың орталық бөлігін және оның артындағы бағаналарды жарып жіберген. Ал шаһар маңында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша үкімет әскері содырлардың 60 бекінісі мен 15 қоймасын құртып, 200 лаңкестің көзі жойған.

Хабар 24 телеарнасы