387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шыңжаң-Ұйғыр аймағында болған терактіден 8 адам қаза тапты

  • 557
  • UPD: 18:38, 15.02.2017
Шыңжаң-Ұйғыр аймағында болған терактіден 8 адам қаза тапты http://www.scmp.com/

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды аймағындағы Пишан ауданында 3 адам жұртты пышақпен қырып салды.

South China Morning Post хабарлауынша, олар жаралаған 10 адамның тең жартысы ауруханада көз жұмған.

Оқиға орнына жеткен Қытай полициясы шабуылшылардың үшеуін сол жерде атып өлтірді. Бірақ, тәртіп сақшылары өздері мерт қылған қылмыскерлердің жеке тұлғасы туралы ақпарат бермей отыр. 

Қазір оқиға болған аудандағы жағдай бақылауға алынып, тергеу амалдары басталып кетті.

Дереккөз: South China Morning Post

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы