384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар: Тағы бірнеше жылдан соң Жер бетінде мамонттар пайда болады

  • 545
  • UPD: 22:03, 17.02.2017
Ғалымдар: Тағы бірнеше жылдан соң Жер бетінде мамонттар пайда болады Свагор

Гарвард университетінің ғалымдары тағы бірнеше жылдан соң мамонттарды тірілте алатындығын хабарлады.

Бұл туралы The Telegraph хабарлайды. Ғалым Джордж Чёрч бастаған топ мұз болып қатып қалған жануарлардың гендерін қазіргі азиалық пілдердің хромосомаларына салу арқылы осы нәтижеге қол жеткізбек.

Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, бұл талпыныс осыдан 4 мың жыл бұрын Жер бетінен жойылып кеткен сүтқоректілерді қайта тірілтуге септігін тигізеді.

Белгілі болғандай, Чёрч 2015 жылдан бастап мамонттарды тірілтуге арналған Woolly Mammoth Revival жобасын басқарады.

Дайындаған: М.Асылбек

Хабар 24 телеарнасы