384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлдағы кондитерлік дүкенде газ жарылып, 7 адам жараланды

  • 461
  • UPD: 07:50, 21.02.2017
Ыстамбұлдағы кондитерлік дүкенде газ жарылып, 7 адам жараланды Фото: www.ntv.com.tr

Ыстамбұлдың Күчүкчекмеже ауданындағы тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан кондитерлік өнім өндіретін дүкенде газ жарылды.

Жарылыстан 7 кісі жараланған, олардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Аталған ғимараттың тұрғындары эвакуацияланды. Жарылыстан ғимараттың алдыңғы жағы құлаған. Жарамсыз деп танылған тұрғын үй ғимараты зерттеу жұмыстары аяқталған соң толығымен құлатылмақ.

Хабар 24 телеарнасы