387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейро тұрғындары ереуілге шығып, полициямен қақтығысты

  • 417
  • UPD: 11:21, 21.02.2017

Рио-де-Жанейрода жүздеген адам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіруге қарсы ереуілге шығып, полициямен қақтығысқа түсті.

Ондаған белсенді қамауға алынған. Наразылық акциясы шаһардағы мемлекеттік сумен қамтамасыз ету және кәріздендіру кәсіпорнын жекешелендіру туралы шешім қабылданғаннан кейін басталды. Ал жергілікті биліктің мәлімдеуінше, компания қаржылық дағдарысқа ұшырап, жұмысшыларға жалақысын төлей алмағандықтан, осындай қадамға барған.

Айта кетейік, Бразилияда қазір экономикалық дағдарыс белең алып тұр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет дефициті 50 миллиард долларға жеткен. Ал бұдан Рио-де-Жанейро штаты ең көп зардап шегіп отыр.

Пабло Фариас, кәсіпорын жұмысшы:

- Бұл елдегі демократияның әлсіздігін көрсетеді. Өйткені кәсіпорынды жекешелендіру туралы дауыс беруге жұмысшыларды қатыстырған жоқ. Ал бұл Рио-де-Жанейрода осы салада табыс әкеліп отырған жалғыз компания. Осыған қарағанда Темер үкіметі бүкіл ел аумағындағы басқа да осындай кәсіпорындарды жекешелендіруді жоспарлап отыр деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы