378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде хуситтер әскери штаб басшысының орынбасарын атып өлтірді

  • 747
  • UPD: 18:59, 22.02.2017
Йеменде хуситтер әскери штаб басшысының орынбасарын атып өлтірді blogspot.com

Йеменде үкімет әскерлеріне қарсы баллистикалық зымыран атқылаған хуситтер бас штаб басшысының орынбасары және ықпалды генерал Ахмед Саиф аль-Яфиді өлтірді, деп хабарлайды әскерилерге сілтеме берген Reuters.

Қарулы қақтығыс осыған дейін хуситтер басып алған стратегиялық маңызды Моха қаласында болған. Атыстан генералдың бірнеше нөкері де қаза тапты. 

Сауд Арабиясы бастаған қарулы коалиция Йемендегі азаматтық соғысқа осыдан екі жыл бұрын араласты. Коалиция елден хуситтер қуып жіберген Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хадиді қайтарып, оның билік тізгінін қайтадан қолға алуын көксейді. 

Айта кету керек, Моха қаласы әлемдегі мұнай тасымалының басым бөлігі өтетін Баб аль-Мандаб қаласымен тығыз көршілес жатыр.

Reuters-ден аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы