387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Гуттериш БҰҰ жанынан терроризммен күрес басқармасын құруды ұсынды

  • 421
  • UPD: 11:23, 23.02.2017
А.Гуттериш БҰҰ жанынан терроризммен күрес басқармасын құруды ұсынды https://www.un.org/

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзі басқарып отырған халықаралық ұйым жанынан терроризммен күрес басқармасын құру туралы ұсыныс жасады.

Бас хатшы бұл мәлімдемені Бас ассамблеяда алға тартты. Мәлімдеме мәтіні БҰҰ ресми сайтында жарияланып тұр.

Егер мұндай басқарма құрылса, жаңа ведомствоның жұмысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өзге құрылымдарының жұмысымен қиылыспайды және оның жұмысына Бас хатшының орынбасары жетекшілік ететін болады.

«Біздің мақсат – шұғыл түрде кері жауап қайтаруымыз тиіс халықаралық терроризм қаупіне осы БҰҰ-ға мүше өзге елдермен бірлесіп қарсы тұру жөнінен жаңа серіктестік құру», - дейді Гутерриш. 

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы