386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда болған қос жарылыстан 7 адам қаза тапты

  • 390
  • UPD: 19:15, 23.02.2017

Пәкістанның Лахор округіндегі базарда қатарынан екі рет жарылыс болып, салдарынан 7 адам қаза тапты.

Оқиға барысында 35-ке жуық адам жараланды, деп хабарлайды DAWN

Ақпаратқа сәйкес, теракт осында орналасқан мейрамханада болған. Жарылыстан ғимаратқа көршілес орналасқан сауда орындарының терезелері күл-талқан болды. Ал қорыққан жұрт тұрған жерлерін тастап, сыртқа қашты. Базарды қоршап, тексеру жүргізген полиция бастапқыда оқиғаға не себеп болғанын анықтай алмады. Артынша Лахор округі қарасты Пенджаб провинциясының полиция бастығы оқиғаның террорлық акт болғандығын мәлімдеді. Бірақ, ол тек бірінші жарылыс кезінде бомбаның жарылғанын растады. Екінші жарылысқа нақты не себеп болғаны белгісіз.

DAWN-нан аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы