384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда өлім жазасы қайта енгізілуі мүмкін

  • 543
  • UPD: 21:47, 25.02.2017

Осы елдің мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған Маниса қаласының тұрғындарымен кездесуінде: «Егер бұл заң жобасы парламенттен өтсе, мен оны бекітуге әзірмін» деп мәлімдеді.

Бұған дейін Түркия президенті былтыр шілденің 15-і күні болған төңкеріс әрекетіне қатысқан бүлікшілерді өлім жазасына кесуге шақырған болатын. Алайда жазаның бұл түрін қолдану Конституцияға өзгеріс енгізуді талап етеді. Түркияда өлім жазасы ең соңғы рет 1984 жылы қолданылған. Еуроодақ мүшелігіне қабылдану талаптарына сәйкес ол 2004 жылы алынып тасталды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

- Парламент өлім жазасын қолдану туралы заң жобасын қабылдаса, мен оны бекітуге әзірмін. Бірақ алдымызда бір мәселе бар. Бұл өзгеріс Конституцияға түзету енгізуді талап етеді. Егер ол парламенттен өтпей қалған жағдайда бұл бастамаға байланыста тағы бір халықтық референдум ұйымдастырамыз. Нәтижесінде халықтың дегені болады.

Хабар 24 телеарнасы