387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейро қаласында әйгілі карнавал басталды

  • 421
  • UPD: 12:31, 26.02.2017

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында әйгілі карнавал басталып, шаһар көшелері саяхатшылар мен шараны көруге келген жергілікті тұрғындарға толды.

Ал салтанатты шара өтетін басты көшеде алғашқы қатысушылардың әсем шеруі өтті. Биыл карнавалға 5 мыңнан астам биші қатысады. Себебі 5 күнге созылатын шара барысында 70-тен астам жергілікті самбо мектебі бір-бірімен сайысқа түседі. Шараны ұйымдастырушылар биыл карнавалға миллионнан астам адам келіп, қала бюджетіне 1 миллиард доллардан астам табыс түседі деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы