385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Римде дәстүрлі карнавал басталды

  • 642
  • UPD: 22:58, 26.02.2017
Римде дәстүрлі карнавал басталды Фото: travelermap.ru

Италия астанасында дәстүрлі карнавал басталды.

Бұл күндері Римде алуан түрлі костюм киген кейіпкерлерді кезіктіруге болады. Оларды өз көзімен көруге келгендердің де қарасы қалың.

Әлімсақтан халықтық мереке атанған карнавалда жұрт қытымыр қыспен қош айтысып, шуақты көктемді қарсы алады. Алайда XIX ғасырда Римдегі дәстүрлі шара ұмытылуға шақ қалған еді. 9 жыл бұрын жергілікті билік көне мейрамды қайта жаңғыртуды қолға алды.

Жергілікті тұрғын:

- Тамаша мереке! Көңіл-күйіміз керемет. Рим көрікті қала ғой. Ал мына көз жауын алатын костюм киген кейіпкерлер оның сәнін келтіре түскендей.

Көне арбалар мен салт аттылардың шеруі – карнавалдың ең қызықты бөлімі. Дәстүр бойынша олар Римнің басты көшесінің бірі Виа-дель-Корсомен жүріп өтеді. Бұл көше көне ғасырларда Рим папасының бірінің бастамасымен арнайы осы шара үшін салынған болатын.

Жергілікті тұрғын:

- Мына алаңға қараңыздаршы. Бұл карнавал Рим халқының сүйікті мерекесі екені айтпаса да анық қой. Ине шаншар орын жоқ.

Рим карнавалының тағы бір қызығы бар. Ол – түрлі-түсті қағаздардан кесілген дөңгелектермен атысу. Мейрамның бірінші күні мерекелік отшашумен аяқталады. Артынша Рим сарайларының бірінде қайырымдылық бал-маскарады өтеді.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Хабар 24 телеарнасы