386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда балағымен қан кешкен еріктілер туралы деректі фильм «Оскар» иеленді

  • 899
  • UPD: 11:29, 27.02.2017
Сирияда балағымен қан кешкен еріктілер туралы деректі фильм «Оскар» иеленді Twitter

Алты жылға жуық уақыт бойы соғыс жалыны шарпыған Сирия жерінде күнделікті әскери ұрыстар барысында жараланған бейбіт тұрғындарға көмек көрсету үшін алып-ұшып жүгіретін Азаматтық қорғаныс еріктілері туралы қысқа метражды деректі фильм үздік ретінде «Оскар» сыйлығын алды.

Айта кету керек, Сирияда «ақ шлем» атанып кеткен бұл азаматтық қорғаныс ұйымының үкіметтік бюджет есебінен жұмыс жасайтын мемлекеттік Сирия азаматтық қорғаныс күштеріне ешбір қатысы жоқ. Үкіметтік емес ұйым жақын және алыс шетелден ақша аударып отыратын демеушілер есебінен әрекет етеді.  

«Ақ шлемнің» (THE WHITE HELMETS) мүшелері - Сирияның түкпір-түкпірінен шығып, ел басына күн туған сәтте көмек көрсетуге талпынған ерікті сириялықтар. Бүгінде бас-аяғы 3 мың адамнан тұратын ұйым 111 топқа бөлініп, әскери ұрыс қимылдары аса қатты жүріп жатқан Алеппо, Хомс, Латакия, Дамаск, Идлиб, Дараа провинцияларындағы қан қақсаған бейбіт тұрғындарға көмек көрсетіп жүр.

Дереккөз: Oscar, Wikipedia сайттары

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы