385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода карнавал кезінде оқыс оқиға болды

  • 394
  • UPD: 19:18, 27.02.2017

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында карнавал өтіп жатқан кезде оқыс оқиға болды.

Самба бишілері билеп, өнер көрсететін сахнаның бірі құлап, 8 адам жараланды. Зардап шеккендердің бірі ауыр халде жатыр.

Жергілікті самба мектебіне тиесілі жылжымалы сахна қозғалып келе жатып, көрермендерді бөліп тұрған қорғанға құлаған. Би алаңының құлауына жауын себеп болуы мүмкін. Өйткені себелеген жаңбырдан шеру өтіп жатқан көше жолдары тайғанақ болып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы