388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Еуропадағы мигранттарды қабылдау шарттарын сынады

  • 526
  • UPD: 18:21, 28.02.2017

БҰҰ Еуропа елдеріндегі мигранттарды қабылдау шарттарын қатаң сынға алды.

Халықаралық қауымдастық өкілдерінің айтуынша, бірқатар мемлекет оларды өз аумағына кіргізуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Соның кесірінен амалы таусылған босқындарға заңсыз тасымалдаушылардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Ал, олар мигранттарға зорлық-зомбылық көрсетудан таймайды. БҰҰ өкілдерінің айтуынша, көші-қон ахуалының ауыртпалығы Италияға түсіп отыр. Өйткені көрші елдер шекарасында шектеулер орнатқаннан кейін мигранттардың көп бөлігі Апеннин түбегінде қалуға мәжбүр.

Айта кеткен жөн, былтыр Жерорта теңізінде 5 мыңнан астам босқын көз жұмған. Олардың барлығы су жолы арқылы кәрі құрлыққа жетпек болған.

Хабар 24 телеарнасы