389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мубарак ақталды

  • 514
  • UPD: 13:02, 03.03.2017

Египеттің кассациялық соты елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбаракты ақтады.

Оған 2011 жылдың қаңтарындағы ереуіл кезінде наразылыққа шыққан халықты қырды деген айып тағылған болатын. Еске сала кетейік, 2012 жылдың 2 маусымында сот шешімімен Хосни Мубарак өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Дегенмен айыпталушы шешімге келіспегендіктен сот бірнеше рет қайта қаралды. Ол кезде прокурорлар іс жүргізу кезінде заң бұзушылықтар орын алғанын алға тартқан. Дегенмен айыпталушыға қатысты бұл жолғы шешім соңғысы және қайта қаралмайды. Тергеу барысында ереуілшілердің өліміне полицияның ешқандай қатысы болмағаны дәлелденген. Ол кездегі кісі өлімінің артында Хамас және өзге де радикалды топтар тұрған.

Хабар 24 телеарнасы