389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде бір тәулік ішінде мыңға жуық мигрант құтқарылды

  • 335
  • UPD: 13:23, 03.03.2017

Жерорта теңізінде бір тәулік ішінде мыңға жуық мигрант құтқарылды.

Оларды аман алып қалу үшін 6 операция жүргізілген. Бұл шараға Италияның жағалау күзеті, Еуропаның шекараны бақылау жөніндегі агенттігі мамандары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Босқындар Еуропаға жетуді көздеген. Олардың көбі жолға ағаш немесе үрлемелі қайықтармен шыққан. Қазір барлығы Италияға жеткізіліп, уақытша орталықтарға жайғастырылды. Негізі, Кәрі құрлыққа ағылған мигранттар нөпірінің ауыртпалығы осы елге түсіп отыр. Былтыр Италия 181 мыңнан астам босқынды қабылдаған. Көрші мемлекеттер шекарасында шектеу енгізген соң, бұл азаматтар осында қалуға мәжбүр. 

Хабар 24 телеарнасы