386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда қарулы топ мұнай терминалдарын басып алды

  • 441
  • UPD: 18:07, 04.03.2017

Ливияда «Бенгази қорғаныс бригадасы» деген атпен танылған қарулы топ Ливия ұлттық армиясының бақылауындағы екі мұнай терминалын басып алды.

Бұл мұнай өндіру орны ұлттық армия қолына қыркүйек айында тиген болатын. «Ес Садр» және «Рас Лануф» деп аталатын терминалдан тәулігіне 600 мың баррель қара алтын алынады. Ұлттық армия өкілдерінің айтуынша, әскерилер қарсыластарына еркін оқ ата алмай, амалсыз шегінген. Өйткені әуе соққылары мен атылған оқ өндіріс орнындағы нысандарға зақым келтіруі мүмкін.

Айта кету керек, Ливиядағы ахуал 2011 жылғы азаматтық соғыстан кейін оңалмай тұр. Сол кездегі президент Муаммар Каддафидің өлімінен кейін ел арасына жік түсіп екіге бөлінген. Бүгінде БҰҰ Ливияның заңды билігі ретінде Ұлттық бірлік үкіметін мойындады. Дегенмен іс жүзінде ол үкімет Триполидің маңайын ғана басқарады.

Хабар 24 телеарнасы