386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Марин Ле Пен депутаттық дербестік құқығынан айырылды

  • 328
  • UPD: 17:25, 05.03.2017

Франция президентігіне үміткер Марин Ле Пен депутаттық дербестік құқығынан айырылды.

Брюссельдегі сессияда Еуропарламент мүшелерінің дені «Ұлттық майдан» партиясының жетекшісіне қарсы дауыс берген. Бұған дейін Еуропарламенттің құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті де саясаткерді дербестігінен айыруды мақұлдаған болатын. Оның үстіне Нентар қаласының прокуратурасы Тwitter-дегі парақшасында «Ирак пен Левант тобының» жауыздығы жайлы суреттер жариялауына байланысты Марин Ле Пенді тергеп жатыр. Дегенмен сарапшылар Еуропарламенттің шешімі оның президенттікке үміткерлігіне еш кедергі келтірмейді деп отыр. Айта кету керек, Марин Ле Пен депутаттық дербестігінен 2014 жылы да айырылып, 2015 жылы қайта иеленген болатын.

Хабар 24 телеарнасы