386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта қаскөйлер бір отбасының отын өшірді

  • 342
  • UPD: 16:39, 05.03.2017

Таиландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында белгісіз біреулер бей берекет оқ атып, 4 адамды мерт қылды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың барлығы – бір отбасының мүшелері. Жергілікті полиция басшысының айтуынша, атыс мектеп жанында болған. Қару асынған қаскөйлер көшедегі көлікке оқ жаудырған. Салдарынан ерлі-зайыптылар мен 8 жастағы баласы және тағы бір әйел қаза тапқан. Сонымен қатар екі оқушы жараланған. Әзірге қаскөйлердің неше адам болғаны және олардың бұл әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы