389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада босқындар депортациясына 200 млн еуро бөлу қарастырылған

  • 729
  • UPD: 15:47, 05.03.2017

Еуропадағы бір миллионнан астам мигрант босқындар мәртебесін алуға құқылы емес.

Сондықтан олар Еуроодақ елдерінен жер аударылуы тиіс. Ал бұған көнбегендерді қамауға алу керек. Көші-қон мәселелері жөніндегі комиссар Димитрис Аврамопулос заңсыз босқындарға қатысты осындай стратегия ұсынып отыр. Оның айтуынша, биыл депортацияға 200 млн еуро бөлу қаралған. Бұл – соңғы жылдары кәрі құрлықта қалыптасқан ахуалды бақылауды жандандырудың бірден-бір жолы. Өйткені, бүгінде жер аудару тетіктері толық жұмыс істеп тұрған жоқ. Мәселен, тек Италияның өзінде былтыр 54 мың адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылса, оның бес мыңы ғана отанына жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы