384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та шанаға жегілген иттер жарысы өтті

  • 801
  • UPD: 14:50, 05.03.2017

АҚШ-тың Аляска штатында шанаға жеккен иттердің халықаралық көпкүндік жарысы басталды.

Осымен 45-рет өтіп отырған дәстүрлі сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 72 команда қатысып жатыр. Ұйымдастырушылар негізгі жарысты бастар алдында халықтың қалауына қарай итшана сайысын Ноум қаласы маңында 20 шақырымдық қашықтықта өткізді. Ал мың жарым шақырымнан асатын басты бәсеке Анкоридж мекенін басталып, Алясканың орманын кесіп өтеді. Өткен жылғы бас жүлде Даллас Сивей деген жігітке бұйырған болатын. Ол 1 мың 609 шақырымды 8 күн 11 сағат 20 минутта еңсеріп, 50 мың долларды қанжығасына байлап қайтты.

Хабар 24 телеарнасы